ҚАЗАҚСТАНҒА ҚЫТАЙДАҒЫ ӨНДІРІСТІ КӨШІРУ ТУРАЛЫ

Автор: Редакция от 5-10-2016, 15:13

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚЫТАЙДАҒЫ ӨНДІРІСТІ КӨШІРУ ТУРАЛЫҚАЗАҚСТАН СОЦИАЛИСТІК ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

G20 саммиті Ханчжоу қаласында өтер алдында екі ел үкіметінің Қазақстанға Қытайдағы өндірістік қуаттарды көшіруді жасақтаған жоспары туралы белгілі болды. Ол жалпы сомасы 26,2 миллиард доллар болатын 51 жобаны қамтиды.

Мұндай жобаның іске асырылатынын сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімовтің сөзіне сілтей отырып «Казахстанская Правда» газеті жария етті.

«Қазақстан ҚХР ұсынған Қазақстан аумағына өндірістік қуаттарды көшіру жөнінде бағдарламаны толық қолдайды. Сөз шикізаттық емес сектордың қуаттарын көшіру, ондаған кәсіпорындар мен инвестициялардың миллиардтаған долларлары жөнінде. Бұл жақсы бастама болады, осындай бағдарламаларды кейін өзге де елдерге – ШЫҰ мүшелеріне көшіруге болады», – деп, Кәрім Мәсімов биліктің бас ресми дауылпазының беттерінде бүкіл халық атынан көтеріңкі көңілмен рапорттады.

Бұл мәлімдемені Кәрім Мәсімовтің жасауы тегін емес, өйткені, тап соның өзі қытай инвестициялары, жаңа бірлескен ауылшаруашылық жобалары, өндіруші компаниялардың мемлекеттік активтерін сату, кен орындарын пайдалану жөнінде келіссөздерді жүргізді және ол Пекинмен қарым-қатынас жөніндегі Назарбаевтың айрықша өкілі болып табылады. Әрине, ол билік басындағы отбасының жалпы ырқын орындайды, өйткені, Қытай мен оның нарқына және берілетін несиелеріне бағдарлану Ақорда үшін соңғы жылдары басым стратегиялық бағыт болып отыр.

Бұл саясаттың нәтижесінде Қазақстан ҚХР-дың өсу үстіндегі өнеркәсібінің шикізаттық базасына айналады. Рас, ілгеріде әңгіме Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесіне (ШҰАӨ) шикізатты, өңделетін техникалық дақылдар мен ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу және қытай корпорацияларының немесе «бірлескен кәсіпорындардың» жерді жалға алуы жөнінде болатын. Бірақ, алғашқы кезеңде Қазақстанға Қытайдағы 51 зауыттың өндірістік қуаттарын көшіру туралы жаңа хабарлама әлеуметтік желілерде бірден ашу дауылын туғызды. Кәрім Мәсімовтің сөзін ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Ли Кэцян да толық растады. Ол Қытай Қазақстан аумағында шыны, цемент өндіретін және ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін зауыттарды салуға дайын екенін мәлімдеді.

Қазақстан үкіметінің бұл шешімі әлден-ақ қытай капиталының нақты мүддесімен байланысты көптеген сұрақтарды туындатуда. Өндірісті көшіру Қазақстандағы девальвациялар мен жалақының қысқаруының нәтижесінде еңбек құнының төмендеуіне қарамастан Қытайдан инженерлерді, мамандарды және жұмыс күшін әкелумен қатар жүретіні анық.

Аталмыш кәсіпорындарға жұмысқа тұруға талпынатын қазақстандық жұмысшылар қытай тілін үйренуге мәжбүр болады, бұл тәжірибе «АқтөбеМұнайГаз» бен қытай капиталының қатысуымен ашылған кәсіпорындарда әлден-ақ қолданылуда.

Шынтуайтында, сұрақтардың жауабы айдан айқын. Өндірістік қуаттарды шикізат көздеріне көшіру осы зауыттарды салу үшін керек жерлерді заңдастыру үшін ендігі жерде «өндірістік мұқтаждыққа» деген заңды сылтау болып табылады. Бұл жағдайда мораторийді жер телімдерінің мәртебесін ауыстыру есебінен айналып өтуге болады, өйткені, жер телімдері ресми түрде ауылшаруашылық жерлерінің құрамынан шығарылып, өнеркәсіп нысандарын және қызметкерлерге арналған тұрғынүйлер салу үшін бөлінеді. Техникалық дақылдарды да «бірлескен кәсіпорындар» (оларда қазақстандық капиталдың үлесі бар-мыс) деп аталатындар өзінің бос алаңдарында егетін болады.

Биліктің қытай корпорацияларының мүддесін қорғайтын бұл саясаты да түсінікті, өйткені, ол елдің іс жүзіндегі индустриясыздандыруы мен шикізат бағасының және экспортқа сұраныстың төмендеу кезеңіндегі жағдаймен байланысты.

Назарбаев пен оның нөкерлері экономика жыртығын қытай инвестициялары мен зауыттарымен жамауды жоспарлап отыр. Қатарынан өндіруші компаниялардың мемлекеттік активтерін, сондай-ақ, сирекжер металдардың, алтынның, алмаздың, уранның және пайдалы қазба-байлықтың бағалы кен орындарын жаппай сатуға бара отырып. Сондықтан, үкіметтің бұл қадамы жаңа либералды әлеуметтік-экономикалық саясатының көпжылдық бағытының және елді дамушы капиталистік елдер мен Қытайдың абсолютті отарына айналдырудың бір сәті ғана.

Қазақстан экономикасын «модернизациялау» сияқты импортты алмастырудың, өңдеу және инновациялық өз кәсіпорындарын салуға бағытталған үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламалардың барлық жоспарлары толықтай күйрегені көзге ұрып тұр. Ел радиоактивті қалдықтардың қоқыс орнына айналуда, бөлістің және ауылшаруашылық жерлерін қанап пайдаланудың нысаны болуда, түрлі аймақтарға лас өндіріс тасымалдануда, бұл Қытайға Қазақстан аумағын экономикалық және саяси тұрғыда одан әрі игеруді қамтамасыз етеді. Мұның бәрінен бұл жобаның енді ғана жария болғанымен бұрыннан келе жатқаны көрініп тұр.

Билеуші тап үшін қытай экспансиясы тура және ауыспалы мағынасында құтқару жолы болып отыр. Миллиондаған гектарлар қытай корпорацияларына ондаған жылдарға беріліп, қалаларда ШҰАӨ-дан келген зауыттар тұрғанда, ал, қытай жұмысшылары мұнайды тиеп алып кетіп жатқанда, олар билікті ұстап тұрғысы келеді. Олар Бейжің тарапынан әскери және саяси қолдаумен қаматамасыз етіледі. Бұл жағдай, жерді сату жағдайындағыдай, шенеуніктердің барлық шешімдерге, келісімшарттарға және кіріптарлық шарттарға халықтың сыртында және оған қарсы қол қоятынын дәлелдейтін тағы бір көрнекті мысалы!

Еңбекші бұқараны, елдің жер қойнауын, жерін және байлығын қанауға бағытталған қытай капиталы экспансиясының осы жобасы жүзеге асуына жол бермеу үшін, бұл ахуалда, биылғы сәуір-мамыр айларындағыдай, жаппай қозғалысты ұйымдастыру керек. Мұны тек түрлі қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, экологтардың, азаматтардың ынталы топтарының кеңінен бірігуі арқылы жасауға болады. Олар жергілікті жерде және республика бойынша адамдарды қарсылық шараларына шақырады.

Біз келесі талаптармен күресті жалғастыруымыз керек:

– Елімізге Қытайдан лас өндіріс пен 51 зауытты көшіру жөніндегі үкімет жоспарын шұғыл жою!

– Ауылшаруашылық жерлерін жекеменшікке сатып алуға және ұзақ мерзімге жалға алуға құқық беретін Жер кодексіне барлық түзетулерді шұғыл жою!

– Жерді қорғаушылар Макс Боқаевты, Талғат Аянды және барлық саяси тұтқындарды дереу босату!

– Шетелдіктерге жалға берілген ауылшаруашылық жерлеріне аудит жүргізу!

– Жер қойнауын пайдалану жөніндегі шетелдік компаниялармен жасалған барлық келісімшарттар мен құпия келісімдер жария етілуі және өткен ондаған жылдарға төленбеген табиғат рентасының ақшасын қайтару бойынша арбитраждық соттармен бұзылуы тиіс!

Қазақстан Социалистік Қозғалысының Саяси Кеңесі


http://socialismkz.info/?p=16840

Автор: Редакция от 5-10-2016, 15:13

Рубрика: Новости борьбы, Дисскусия

Администрация сайта www.socdeistvie.info не несет ответственности за содержание комментариев читателей. Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.